Ұстаз+

Қалай қолдану керек

Ең бастысы қысқаша: тірі рефлексия мен ойынды қалай өткізу керек, проекторға не қажет және бірдеңе болмай қалса не істеу керек.

Тірі рефлексия — 3 қадам

  1. 1«Рефлексиялар» бөлімін ашып, рефлексияны таңдаңыз да, «Экранда көрсету» батырмасын басыңыз.
  2. 2Оқушылар экрандағы QR-ды сканерлейді немесе ustaz-plus.dev/join ашып, 6 цифрлы кодты енгізеді.
  3. 3Жауаптар бірден проекторда шығады. Артығын жасыру, қабылдауды жабу немесе қорытындыны сурет етіп жүктеу — нәтиже астындағы батырмалармен.

Телефон жоқ па? «Телефонсыз» батырмасын басыңыз: оқушылар қол көтереді, сіз жауаптарды «+1» батырмасымен белгілейсіз.

Рефлексияларды ашу

Сабақ тақырыбы бойынша ойын

  1. 1«Ойындар» бөлімін ашып, ойынды таңдаңыз: арқан тартыс, викторина, бәйге, миллионер, өз ойыны немесе зымыран.
  2. 2Сұрақтарды таңдаңыз: математикадан мысалдар, пән бойынша дайын тақырып немесе өз карточкаларыңыз.
  3. 3Дауыстап, интерактивті тақтада немесе телефоннан — рефлексиядағыдай кодпен ойнаңыз. Викторинадан кейін «Сабақ қорытындысын» қараңыз: сынып нені түсінді, нені қайталау керек.
Ойындарды ашу

Күнделікті сабақта

  • «Таймер» — кері санақ және сабақ кезеңдері. Экран сөнбейді, соңындағы дыбыс — қалауыңызша.
  • «Кездейсоқ оқушы» — дөңгелек, барабан немесе карточкалар. Сынып тізімі тек сіздің компьютеріңізде сақталады.
  • «Топпен жұмыс» — сыныпты бөліп, тапсырма береді және ортақ таймерді жүргізеді.

Проектор және интерактивті тақта

  • «Толық экран» батырмасын (немесе F пернесін) басыңыз — 1366×768-де де бәрі сыяды.
  • Оқушыларға ештеңе орнатудың қажеті жоқ: телефондағы кез келген браузер жарайды.
  • Рефлексиялардың PowerPoint файлы мен басып шығаратын карточкалары тегін жүктеледі — сыныпта интернет болмаса керек болады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Тіркелу керек пе?

Жоқ. Мұғалімге де, оқушыларға да.

Неше оқушы жауап бере алады?

Бүкіл сынып. Бір мезгілде 30 телефонмен тексердік.

Сессия қанша уақыт жұмыс істейді?

Жауаптар 3 сағат қабылданады, содан кейін қабылдау өзі жабылады. 7 күннен кейін сессия мен жауаптар өшіріледі.

Интернет жоғалса не болады?

Желі қайта қосылғанда мұғалімнің экраны өзі қосылып, жауаптарды жүктейді.

Біреу дөрекі сөз жазса ше?

Сүзгі қазақ және орыс тілдеріндегі әдепсіз сөздерді өткізбейді, ал кез келген жауапты бір басумен жасыруға болады.

Бұл ақылы ма?

Қазір бәрі тегін, бета-тест кезінде Pro-рефлексиялар да тегін.

Деректер және құпиялылық